Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары



Ст. 26 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ



1. Егер рұқсат беру органы осы Заңға сәйкес айқындалған мерзімдерде өтініш берушіге рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бермеген не оларды беруден уәжді түрде бас тартпаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілді деп есептеледі және рұқсат беру органы оларды бір мезгілде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізеді.

2. Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беру мерзімі өткен кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны беруге міндетті.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Рұқсат беру органы рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бес жұмыс күні өткеннен кейін бермеген жағдайда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша алынды деп есептеледі. Бұл жағдайда рұқсат алынғанға дейін рұқсат беру органы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы өтінішті қабылдау кезінде берген рұқсат алуға арналған тиісті өтініштің қабылданғанын растайтын құжат осы Заңда рұқсат беру тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру заңдылығын растау болып табылады.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш берілген жағдайда рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.

3. Осы баптың ережелері осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда тиісті ескерту бар рұқсаттарға қолданылмайды.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ