Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
28-бап. Лицензиялау салалары

Ст. 28 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Лицензиялауға мынадай: 

1) телерадиохабарларын тарату; 

2) мәдениет; 

3) білім беру; 

4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; 

5) мұнай және газ; 

6) өнеркәсіп; 

7) ақпараттандыру және байланыс; 

8) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы; 

9) денсаулық сақтау; 

10) атом энергиясын пайдалану; 

11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 

12) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар; 

13) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылатын бұйымдар айналымы; 

14) улы заттар айналымы; 

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау; 

16) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру; 

17) тауар биржалары; 

18) экспорт және импорт; 

19) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; 

20) ғарыш кеңістігін пайдалану; 

21) ойын бизнесі; 

22) ветеринария; 

23) ауыл шаруашылығы; 

24) көлік; 

25) сот сараптама қызметі, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар; 

26) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады. 

2. Мынадай субъектілердің: 

1) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктер шегінде; 

2) дербес білім беру ұйымдарының және олардың ұйымдарының, оның ішінде көрсетілген ұйымдарда білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруға білім беру бағдарламаларын енгізетін және (немесе) іске асыратын шетелдік заңды тұлғалардың; 

3) Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде; 

4) кредиттік серіктестіктер, орталық депозитарий, тіркеуші, мемлекет қатысатын кредиттік бюро, өзара сақтандыру қоғамдары, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі операторы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты; 

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның уəкілетті ұйымының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде қару-жарақтың, əскери техника мен жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттардың жəне олар қолданылып жасалатын бұйымдардың айналымы саласындағы қызметті лицензиясы болмай жүзеге асыруына жол беріледі. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...53

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ