Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 34 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы

1. Заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. Сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде, өтініш берушінің таңдауы бойынша осындай бір ғана лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімделуге жатады. Заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлға-лицензиаттар лицензиясының қолданысы жаңадан пайда болған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы қайта ресімделген күннен бастап тоқтатылады. 

2. Заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны үшін лицензияланатын қызметтің түрімен немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. 

3. Заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен соңғысына қайта ресімделеді. Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеу жүргізілмейді. 

4. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бөліп шығарылған заңды тұлғаның келісімі болған кезде, бөлініп шыққан заңды тұлғаның лицензияланатын қызметтің тиісті түрін және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда ғана қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады. 

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлға лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады. 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімін ұсынады. 

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанындағы қайта ұйымдастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

Лицензиар осы Заңның 33-бабының 3-тармағында, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады. 

5. Заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған осы заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады. 

Бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуі лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады. 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

Лицензиар мынадай: 

1) осы Заңның 33-бабының 3-тармағында және осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген; 

2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 

3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады. 

5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде: 

банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады; 

лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді. 

5-2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап тоқтатылады. 

6. Лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. 

Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. 

7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді. 

Мемлекеттік органдар лицензиардың сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жібереді. 

Нормативтік құқықтық актілерде осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайлар үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін. 

8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды. 

Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда, рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады. 

9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді. 

10. Лицензиарлар қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы бапта белгіленген мерзім ішінде беруге не оларды қайта ресімдеуден уәжді түрде бас тартуға міндетті. 

Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...56

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться