Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру



Ст. 43 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ



1. Қағаз нысанында берілген рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.

2. Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілген болса, лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші өтініші бойынша оларды электрондық форматқа көшіруге және рұқсаттың электрондық нысанын алуға құқылы.

Осы тармақтың күші тек қағаз нысанында ғана берілетін рұқсаттарға қолданылмайды.

3. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның жоғалған, бүлінген бланкілері рұқсат беру органы оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтінішті алған күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.

4. Рұқсат беру органы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышында «телнұсқа» деген жазуымен және олардың алғаш берілген күні мен қайта ресімделген күнін көрсете отырып, рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын береді.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...53 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 43-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ