Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Рұқсаттар және хабарламалар туралы

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)



Ст. 45 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ




1. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жүзеге асыру үшін берілген, қолданысы тоқтатыла тұрған рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша жекелеген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиаттардың немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің жүзеге асыруына жол берілмейді.

3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтар жойылған кезде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсат беру органына растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш беруге құқылы.

Рұқсат беру органы өтініш берушінің бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның
51-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтардың жойылғанын тексереді.

Өтініш берушінің бұзушылықтарды жойған фактісі расталған жағдайда, рұқсат беру органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

Бұл ретте рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысы осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген шешім қабылданған кезден бастап қайта басталады.

4. Лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтінішті бермеген жағдайда, рұқсат беру органдары тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) рәсіміне бастамашылық жасайды.

Рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) туралы мәселені қарау процесінде лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленуші бұзушылықтың жойылған фактісін дәлелдеуге құқылы. Бұл жағдайда рұқсат беру органы осы баптың 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін басшылыққа алуға тиіс.

5. Рұқсаттан айыру (оны қайтарып алу) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ


Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...53 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 45-бап Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ