Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

1) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 

2) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған мақта иесi; қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 

3) линт - мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы; 

4) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы; 

4-1) мақта дайындау ұйымы – шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға; 

5) мақта иесi - меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға; 

6) мақта қабылдау пунктi - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат; 

7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға; 

8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет; 

9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi; 

10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 

11) мақта нарығына қатысушылар – шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар; 

12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткiзудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы; 

13) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы; 

14) мақта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға; 

15) мақта саласын дамыту жүйесiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, мақта саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

16) мақта тазалау зауыты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат; 

17) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм; 

18) мақта талшығы бумасы – техникалық регламенттердің және стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптары сақтала отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы қайта өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгiлi бiр көлемi; 

19) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 

20) мақта талшығы сапасының паспорты – мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi құжаттардың және (немесе) келiсiмшарттардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 

21) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта ұрығы; 

22) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөнiндегi саласы; 

23) мамандандырылған ауыспалы мақта егiсi - бiр ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң жер пайдалану аумағындағы егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлесi жетпiс пайыздан аспайтын жағдайда, өсiмдiктер аурулары мен зиянкестердiң жиналуына кедергi болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шиттi мақтаның өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектестiрiлiп егiлуi; 

24) өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөніндегі жария шарты; 

25) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтаудың жария шарты; 

26) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

27) шиттi мақта - тұқымынан ажыратылмаған талшық; 

27-1) шитті мақтаны дайындау – мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шитті мақтаны қабылдауды, сақтауды және беруді қамтитын қызметтер кешені; 

28) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу – шитті мақтаны мақта талшығы, тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамдарында үлік бар және мамық бар) етіп тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені; 

29) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 

30) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi - тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар); 

31) шитті мақтаны сақтау – мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны сақтау және (немесе) бастапқы өңдеу үшін қабылдау; 

32) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехнологиялық iс-шаралар кешенi; 

33) шитті мақтаны сатып алу – келісімшарт жасасу шарты арқылы шитті мақтаны сатып алу, оған сәйкес мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шитті мақтаны осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарына шартта айқындалатын баға және талаптар бойынша сатады. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться