Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мақта саласын дамыту туралы
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау



Ст. 10 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

Мақта иесі мен мақта дайындау және (немесе) мақта өңдеу ұйымдарының арасында шитті мақтаның сапасын айқындау бойынша келіспеушіліктер туындаған кезде тиісті сынақ зертханасы (орталық) берген шитті мақтаның сапасы туралы куәлік шитті мақтаның сапасын растайтын құжат болып табылады.

2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталығына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы.

3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.

 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298