Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мақта саласын дамыту туралы
13-бап. Мақта өңдеу ұйымы



Ст. 13 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



 1. Мақта өңдеу ұйымы лицензияның негізінде мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсетеді.

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаның (мақта дайындау ұйымын қоспағанда) өз атауында, тауар белгілерінде, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамасында «мақта өңдеу ұйымы», «мақта тазалау зауыты», «мақта қабылдау пункті» деген сөздерді немесе олардан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.

2. Мақта өңдеу ұйымы ортақ пайдаланудағы тауар қоймасы деп танылады. 

3. Мақта өңдеу ұйымында:

1) мақта тазалау зауытында:

кемінде бір мақта қабылдау пункті;

шитті мақтаны талшықты мақта етіп бастапқы өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары;

мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;

мақта сақтауға арнайы бөлінген орын;

2) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінде:

шитті мақтаны текшелеуге және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;

таразы жабдығы;

желдеткіш жабдығы;

шитті мақтаның сынамасын іріктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;

тиеу-түсіру тетіктері;

өрт сөндіру құралдары болуға тиіс.

Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан жерден тыс тұрған мақта қабылдау пунктінің аумағы қоршалуға тиіс.

4. Мақта өңдеу ұйымы:

1) мақтаны қабылдау және сақтау шарттарын орындауға және стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті қамтамасыз етуге;

2) сақтауға және (немесе) өңдеуге қабылданған мақтаның мөлшерлік және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;

3) көрсетілген қызметтер үшін берешегі болмаған кезде сақтау және (немесе) өңдеу шартының талаптарына сәйкес мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны беруге;

4) мақта иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын іріктеуді қамтамасыз етуге;

5) мақта иелері алдындағы сақтау шартында және (немесе) өңдеу шартында көзделген міндеттемелерін орындауға міндетті.

 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12-1 12-2 13 14 15 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298