Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
19-бап. Мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару (сатып алу) ерекшеліктері

1. Мақта тазалау зауыты бөлінбейтін мүлік болып табылады және: 

1) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған (сатып алған); 

2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан және мақта саласындағы мемлекеттік инспектор растаған мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдында орындалмаған міндеттемелері болмаған; 

3) мақта өңдеу ұйымын таратқан кезде мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда, бөлінбейтін мүлік ретінде иеліктен шығарылады (сатып алынады). 

2. Мақта өңдеу ұйымы мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарғанға дейін екі айдан кешіктірмейтін мерзімде өзіне белгілі мақта қолхаттарын ұстаушылардың мүлікті иеліктен шығару жөнінде жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру беруге міндетті. 

3. Мақта өңдеу ұйымы осы баптың 1 және 2-тармақтарын бұза отырып, жасаған мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін өткізу жөніндегі мәмілелерді сот мақта қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. 

4. Мақта тазалау зауытының (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің) бұрынғы меншік иесі берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау мүлікті қабылдау-беру жөніндегі комиссия жасаған және мақта саласындағы мемлекеттік инспектор бекіткен қалдық мақтаны түгендеу актісімен белгіленген мөлшерде мақта тазалау зауытын (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін) сатып алушыға немесе мұндай мүлікті соттың немесе төрелік шешімнің шешімін орындау тәртібімен алған тұлғаға жүктеледі. 

Егер қалдық мақтаны түгендеу актісі жасалмаған жағдайда, мүліктің бұрынғы меншік иесі мақта өңдеу ұйымы берген барлық мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау: 

1) мақта тазалау зауытын иеліктен шығару кезінде осы мақта тазалау зауытының жаңа иесіне жүктеледі; 

2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктін иеліктен шығарған кезде осы мақта қабылдау пунктінің бұрынғы меншік иесі жүзеге асырады. 

5. Мақта тазалау зауытының және (немесе) мақта тазалау зауытынан тыс орналасқан мақта қабылдау пунктінің жаңа меншік иесі қалдық мақтаны түгендеу актісі бойынша қабылданған мақтаны өңдеуді және сақтауды бұрынғы меншік иесі мен мақта иесінің арасында бұрын жасалған өңдеу шарты жағдайында, мұндай шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады. 

6. Нарықта үстем жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын мақта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару, сондай-ақ нарықта үстем жағдайға ие тұлғаның мақта өңдеу ұйымының мүлкін сатып алуы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. МАҚТА ҚОЛХАТЫ

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться