Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібі



Ст. 21 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



1. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртектес әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын өзінің өтінімі бойынша мақта иесі айқындайды.

Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы түзіліп болғаннан кейін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

2. Мақта қолхаттары мақта иесіне мақта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізетін мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып беріледі.

3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмаған;

2) мақта қолхаты тозған;

3) мақта қолхаты айырбасталған;

4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.

4. Алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298