Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
30-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары



Ст. 30 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298




Инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы арыз беру;

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298