Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мақта саласын дамыту туралы

Мақта саласын дамыту туралы
32-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару



Ст. 32 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298




1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.

2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің ең болмағанда біреуі болса жеткілікті:

1) осы Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақтаны беруден бас тартуымен білдірілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық міндеттемелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) тиісінше орындалмауы;

2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етілген мақта мөлшерінің сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерінен артық болуы фактілерінің анықталуы.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша уақытша басқаруды енгізудің шарты осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) нәтижесінде жасалатын анықталған бұзушылықтар туралы акті болып табылады.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүргізу үшін:

1) тексерулер жүргізу кестесі;

2) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақта беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіз болып табылады.

4. Мақта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау рәсімі енгізілген жағдайларда уақытша басқару енгізілмейді.

5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімі алты айдан аспауға тиіс.

6. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкімшілік жүзеге асырады.

7. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8. Уақытша басқару кезеңінде заңсыз әрекеттерімен мақта өңдеу ұйымына келтірілген нұқсан үшін уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелері, уақытша әкімшілік мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298