Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мақта саласын дамыту туралы
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 7 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298



 Уәкілетті органның құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

1-1) мақта саласын дамыту аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

1-2) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеу;

2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

3) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту;

5) мыналарға:

мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке;

 сараптама ұйымына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

6) мыналарды:

шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын;

шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін);

мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту;

7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

12) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды жаңарту және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды дайындап, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;

15) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту;

16) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін әзірлеу;

17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;

18) мыналарды:

мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының қызметі мен олардың таратылу қағидаларын;

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидаларын;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдіктерін алу қағидаларын;

мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидаларын;

мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялау қағидаларын;

мақтаны сандық-сапалық есепке алуды жүргізу қағидаларын;

мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын;

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын;

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын;

мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

21) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

21-1) мақта саласын дамыту жөніндегі техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;

22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

  Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5-1 6 7 8 9 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298