Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
8-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: 

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау; 

3) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу; 

4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу; 

4-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялауды жүзеге асыру; 

5) мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын, мақта өңдеу ұйымдарын лицензиялық бақылау; 

6) уәкілетті органға мақта саласын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау, күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау; 

6-1) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы арыз беру; 

7) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау; 

8) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

8-1) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану; 

9) мақта қауіпсіздігі мен сапасын бақылау; 

10) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру; 

11) анықталған Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру; 

12) сотқа мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы қуыным беру; 

13) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу; 

14) мақта өңдеу ұйымдарының: 

мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу; 

мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану; 

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау; 

14-1) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту; 

14-2) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

14-3) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және басқару әрі олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау; 

14-4) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

14-5) алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

3-тарау. МАҚТАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН САПАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ


Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17. № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться