Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
109-бап. Банкротты борыштардан босату



Ст. 109 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот атқаруға қойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелер мен өзге де талаптарды орындаудан босатылады.

Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот деп танылған дара кәсіпкер банкрот деп жарияланған тұлға өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады.

2. Егер банкрот оңалту және банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде өз мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа адамға берсе, бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік ақпаратты бүгіп қалса немесе бұрмаласа, ол борыштардан босатылмайды.

Статья 1 ...107 108 109 110 111 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 109-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ