Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
11-бап. Борышкердің құқықтық жағдайы



Ст. 11 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Борышкер:

1) осы Заңда көзделген жағдайларда оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;

2) оңалту жоспары бекітілген кезден бастап мүлкі мен істерін басқару құқығын сақтау туралы сотта өтініш білдіруге;

2-1) осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда банкроттық рәсім барысында бітімгершілік келісім жасасуға;

3) сотта кредиторлық берешек сомаларына дауласуға, сондай-ақ осы мақсаттар үшін аудитор ұйымдарды тартуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы.

2. Борышкер:

1) оның мүлкінің меншік иесі, ол уәкілеттік берген орган, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттармен осыған уәкілеттік берілген органы оны тарату туралы шешім қабылдаған, ал мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;

2) егер бір кредитордың немесе бірнеше кредитордың талаптарын қанағаттандыру оның басқа кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін толық көлемде орындаудың мүмкін болмауына әкелсе, өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;

3) борышкерге қатысты төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайды қоспағанда, борышкер төлем қабілетсіздігінің басталғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге;

4) әкімшіні тағайындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа және әкімшіге қаржылық-шаруашылық қызмет туралы ақпаратты, оның ішінде борышкерде бар мүлік, оның ішінде кепіл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдауда (жалға алуда) және (немесе) лизингте тұрған мүлік туралы, банктік шоттарда жатқан ақша туралы, шоттардың нөмірлері және банктердің орналасқан жері, дебиторлық берешек сомасы туралы мәліметтерді ұсынуға;

5) оңалтуды басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, мөрлерді, мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде – материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;

6) уақытша басқарушы тағайындалған күннен бастап қарау арқылы зерделеу үшін есепке алу құжаттамасына оның қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

7) бухгалтерлік құжаттаманың, бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйелерінің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге;

8) оңалту жоспарын кредиторлар жиналысында қарау күнінен кейінгі күннен кешіктірмей, оны танысу үшін уақытша әкімшіге ұсынуға;

9) құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, оңалту рәсімін жүргізу кезінде борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

10) сұрау салу негізінде сотқа, оңалтуды, уақытша немесе банкроттықты басқарушыға және кредиторлар комитетіне өзінің қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, түсіндірмені ұсынуға;

11) әр айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, оңалту рәсімін жүргізу кезеңіндегі қаржылық жағдай, алдыңғы айдағы кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитетінің назарына жеткізуге;

12) егер осындай іс-әрекеттер оңалту жоспарында көзделмесе, оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде заңды тұлғаның мүлкін пайдаланбауға немесе оны кредиторлар жиналысының шешімінсіз пайдалануға жол бермеуге;

13) оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді уақытша әкімшімен келісуге;

14) осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

3. Борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығы борышкер мүлкінің меншік иесінде, құрылтайшыларда (қатысушыларда) қалған жағдайларда борышкердің органдарына осы Заңда оңалтуды басқарушы үшін көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде өкілеттіктер және жауаптылық қолданылады.

4. Борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы), борышкер мүлкінің меншік иесі немесе лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда аталған адамдар өздерінің іс-әрекеттері нәтижесінде келтірілген залалды өтей отырып, тиісті жауаптылыққа тартылады.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау міндеттеріне кіретін борышкердің лауазымды адамдары борышкердің мүлкі барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, осы баптың 2-тармағы 1) – 6) тармақшаларының ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады.

 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ