Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
112-5-бап. Бітімгершілік келісімді бекіту салдарлары



Ст. 112-5 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Бітімгершілік келісімді бекіту банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешім одан әрі орындауға жатпайды.

2. Банкроттықты басқарушының өкілеттігі бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

3. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап:

1) бітімгершілік келісімнің шарттарына сәйкес борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге кіріседі;

2) осы Заңның 87-бабына сәйкес борышкерге қолданылған салдарлардың күші тоқтатылады.


Статья 1 ...112-3 112-4 112-5 112-6 112-7 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 112-5-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ