Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
112-6-бап. Бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту және оның салдарлары



Ст. 112-6 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



 1. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартуы үшін:

1) борышкердің және (немесе) үшінші тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өтеу міндеттерін орындамауы;

2) осы Заңда белгіленген бітімгершілік келісімді жасасу тәртібін бұзуы;

3) банкроттық рәсіміне қатысушылардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

4) бітімгершілік келісім шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.

2. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады, оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық келтіруге) болады.

3. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда бітімгершілік келісім жасалмаған болып саналады.

4. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы жаңа бітімгершілік келісімді жасасуға кедергі болмайды.

Статья 1 ...112-4 112-5 112-6 112-7 112-8 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 112-6-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ