Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
112-7-бап. Бітімгершілік келісімді бұзу және оның салдарлары



Ст. 112-7 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Жекелеген кредиторлар мен борышкер арасындағы сот бекіткен бітімгершілік келісімді бұзуға жол берілмейді.

2. Өтініш берілген күні кредиторлар талаптарының тізіліміне кірген талаптардың жалпы сомасынан жиырма бес пайыздан кем емес талаптарды иеленетін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша, сондай-ақ осындай кредиторларға қатысты борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар бітімгершілік келісім шарттарын орындамаған жағдайда бітімгершілік келісім барлық кредиторларға қатысты сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.

3. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтінішті оны бекіткен сот қарайды.

4. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтініш бойынша істі сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.

Статья 1 ...112-5 112-6 112-7 112-8 112-9 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 112-7-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ