Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
116-бап. Борышкердi банкроттық тәртiппен таратудан бас тартудың салдарлары



Ст. 116 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Егер заңды тұлға тек банкроттық тәртiппен таратылуға тиiс болатын мән-жайлардың болуына қарамастан, меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнбесе және заңды тұлғаны таратуды жүзеге асырса, барлық кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандырмау заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негiз болып табылады.

2. Егер борышкер мүлкiнiң меншік иесi, құрылтайшылар (қатысушылар), тарату комиссиясы (таратушы) осы Заңға немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес борышкердің өтелмеген мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болса, кредиторлар оларға қанағаттандырылмай қалған талаптарын қоюға құқылы.

Статья 1 ...114 115 116 117 118 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 116-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ