Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 17 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

Оңалту және банкроттық туралы
17-бап. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылау

1. Оңалту және банкроттық рәсімдерінің жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 

2. Әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылау: 

1) тексерулер; 

2) профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 

3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға: 

1) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды есепке алу; 

2) камералдық бақылау; 

3) сұрау салулар жіберу; 

4) рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпарат қабылдау жатқызылады. 

4. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...128

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ