Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
20-бап. Хабарламалар



Ст. 20 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Әкімшіге мынадай:

1) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы;

2) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберіледі.

2. Осы бапта көрсетілген хабарламаларды жіберудің тәртібін, нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаның орындалуы туралы есептің тәртібін, мерзімдері мен нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

3. Хабарлама әкімшіге қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

Бұл ретте төменде тізбеленген тәсілдердің бірі арқылы жіберілген хабарлама әкімшіге мынадай жағдайларда:

1) қолма-қол – әкімші алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен – әкімшіні уәкілетті органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әкімшінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ