Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 28-5 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.10.2018

Оңалту және банкроттық туралы
28-5-бап. Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді соттың бекітуінің салдары

Төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар басталады:  

1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы (мүдде) тоқтатылады; 

2) борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады; 

3) төлеу мерзімі төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады; 

4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі. 

Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ОҢАЛТУ РӘСІМІ

Статья 1 ...28‑3 28‑4 28‑5 29 30 ...128

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-5-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ