Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
29-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану



Ст. 29 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Жеделдетiлген оңалту рәсiмi борышкер мынадай шарттарға сәйкес болған:

1) борышкерге қатысты оңалту туралы немесе банкроттық туралы iс қозғалмаған;

2) борышкер коммерциялық ұйым болып табылған;

3) борышкер төлемге қабiлетсiз болып табылған не таяу он екi айда ақшалай мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған кезде оларды орындауға қабiлетсiз болатын кезде қолданылады.

 РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, міндетті зейнетақы жарналар және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады.

3. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi мұндай шараларды қолдану шарттарына сәйкес бiртектi кредиторлардың кез келген тобының (топтарының) мiндеттемелерi бойынша қолданылады.

4. Мыналар:

1) борышкер;

2) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына (топтарына) кiретiн кредиторлар жеделдетiлген оңалту рәсімі туралы iске қатысушы адамдар болып табылады.

5. Сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiнде:

1) жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолданады және тоқтатады;

2) мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарын бекiтедi;

3) мемлекеттік қолдау шараларына қатысушы болып табылатын борышкердiң жоспарын қоспағанда, оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiтедi;

4) борышкер жауапкер ретінде болатын мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;

5) жеделдетілген оңалту рәсiмiне қатысушылар арасындағы дауларды шешедi;

6) қорытынды есепті бекiтедi.

Статья 1 ...28-4 28-5 29 30 31 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ