Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
37-бап. Жеделдетiлген оңалту рәсiмiн тоқтату



Ст. 37 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Сот жеделдетiлген оңалту рәсiмiн:

1) кредиторлар жиналысымен келiсiлген қорытынды есеп ұсынылған;

2) егер мерзiмдi ұзарту үшiн негiз болмаса, жеделдетiлген оңалту рәсiмiнiң мерзiмi өткен;

3) кредиторлар жиналысының шешiмi негiзiнде жиналыс уәкiлеттiк берген тұлғаның өтiнiшi бойынша оңалту жоспарын орындау кезiнде, сондай-ақ осы Заң нормаларын бұзушылықтар анықталған;

4) өтеу кестесiн үш айдан астам мерзiм iшiнде орындамаған борышкерге қатысты кредитор өтiнiш берген;

5) оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына жатпайтын кредитордың не талаптары жеделдетiлген оңалту рәсiмiн өткiзу кезеңiнде туындаған кредитордың өтiнiшi бойынша банкроттық туралы iс қозғалған;

6) құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған және (немесе) оңалту жоспарында ескерілмеген, оңалту жоспарына енгiзiлген бiртектi кредиторлар тобына кіретін кредитор өтiнiш берген жағдайларда тоқтатады.

2. Жеделдетілген оңалту рәсiмi тоқтатылған кезден бастап осы Заңның 36-бабында белгіленген шектеулер алып тасталады, кредиторлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын іске асыруды жүзеге асырады. 
4-тарау. ОҢАЛТУ НЕМЕСЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI СОТ ТӘРТIБIМЕН
ҚАРАУ


Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 37-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ