Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
4-бап. Банкроттықты тану



Ст. 4 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Банкроттық борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде ерікті түрде белгiленедi.

2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берiлген өзге де тұлғалардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүрлі түрде белгiленедi.

3. Осы Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгінуге мiндеттi.

4. Егер өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 49-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен тарату туралы шешiм қабылданған заңды тұлға мүлкiнiң құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы осы Заңда белгiленген қағидалар бойынша банкроттық рәсімін жүргізу үшін мұндай заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге міндетті.

5. Борышкердiң дәрменсiздiгi оны сот тәртiбiмен банкрот деп жариялау үшін негiз болып табылады.

Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi басталған, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 2 3 4 5 6 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ