Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
41-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны



Ст. 41 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда берiледi. Оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтайшылық құжаттарына сәйкес оны ауыстыратын адам қол қояды.

2. Борышкердiң өтiнiшi:

1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;

2) кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;

3) онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн;

4) орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;

5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы немесе осы борышкердiң тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатыны туралы ақпаратты;

6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.

Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн.

Борышкер сотқа өтініш берумен бір мезгілде уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.

Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 41-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ