Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
51-бап. Кредиторлар талаптарын қамтамасыз ету



Ст. 51 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



Сот кредитордың, прокурордың не iске қатысушы өзге тұлғаның өтiнiшi бойынша кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнінде мынадай шараларды қолдануға:

1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (мүліктің бiр бөлiгiне), оның iшiнде ақшаға тыйым салуға;

2) борышкерге оның мүлкiнiң азаюына әкеп соқтыруы не кредиторлардың мүдделерiне өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға;

3) өндiрiп алу даусыз (акцептісiз) тәртiппен жүргiзiлетiн атқару құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға;

4) істі қарау кезеңінде борышкердің активтерін сақтауға бағытталған уақытша басқарушының ұсынымы бойынша өзге де іс-әрекеттерді қолдануға құқылы.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 51-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ