Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
53-бап. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау



Ст. 53 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Сот борышкердің банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу шеңберінде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішін алып, банкроттық туралы іске бастамашылық жасаған кредитордың келісімімен, өтініш келіп түскеннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады.

2. Соттың банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымының көшірмелерін сот борышкерге, өтініш берушіге, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының өңiрлiк палатасына және борышкердiң орналасқан жерi бойынша аумақтық әділет органына жiбередi.

3. Бұрын тоқтатыла тұрған банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді сот осы Заңның 59-бабының 6-тармағында және 82-бабының 2, 3, 4 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша оңалту рәсiмi тоқтатылған жағдайда қайта бастайды.

Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 53-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ