Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
54-бап. Сот талқылауы



Ст. 54 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн банкроттық туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.

Борышкердің өтініші бойынша қозғалған банкроттық туралы іс қозғалған күннен бір айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.

Кредитордың немесе прокурордың өтініші бойынша қозғалған банкроттық туралы іс ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.

2. Борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берген кредитор сот отырысына келмеген жағдайда, сот өтінішті қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

Борышкер жоқ болған жағдайларды қоспағанда, борышкер сот отырысына келмеген жағдайда, сот оны мәжбүрлеп келтіру туралы ұйғарым шығарады.

3. Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ ол қозғалғаннан кейінгі күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмей, оңалту туралы iс сот талқылауына тағайындалуға тиiс, бұл туралы сот ұйғарым шығарады.

Оңалту туралы iс қозғалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзiмде ол сот отырысында қаралуға тиiс.

Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 54-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ