Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
61-бап. Әкiмшiлiк шығыстарды бөлу



Ст. 61 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



1. Борышкердi банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешiм қабылданған кезде әкiмшiлiк шығыстар борышкердiң мүлкiне жатқызылады және осы мүлiктiң есебiнен кезектен тыс орны толтырылады. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына қол жеткiзiлуiне байланысты іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым шығарылған кезде сот және әкiмшiлiк шығыстарының осындай тәртіппен орны толтырылады.

2. Негіздердің болмауына байланысты борышкердi банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген шығыстар сотқа жүгінген кредиторларға жатқызылады және талаптарына қарай олардың арасында пропорционалды түрде бөлiнедi.

3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың өтінішхаты негізінде оның есебінен өтеледі.

Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...59-1 60 61 62 63 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 61-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ