Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
65-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы үшiн оңалту рәсiмiн тоқтата тұру және қайта бастау



Ст. 65 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы өтiнiштi сот ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнiнен кешіктірілмейтін мерзiмде қарауға тиiс.

Борышкердiң мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы мәртебесiн алуы және кредиторлар комитетiнiң шешiмi оңалту рәсiмiн тоқтата тұру үшiн негiздер болып табылады.

2. Сот оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған кезден бастап мынадай салдарлар басталады:

1) оңалтуды басқарушы борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiледi және басқару борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға), құрылтайшыларға (қатысушыларға) өтедi;

2) осы Заңның 68-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрады;

3) ұйымды оңалту жоспарының орындалуы тоқтатыла тұрады;

4) кредиторлардың талаптарын өтеу мемлекеттiк қолдау шараларының шеңберiнде қабылданған оңалту жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

3. Кредиторлар комитетi оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну туралы шешiм қабылдауға құқылы. Осындай өтiнiшпен кредиторлар комитетi уәкiлеттiк берген тұлға жүгiнедi.

Оңалту рәсiмiн қайта бастау туралы сот ұйғарымы заңды күшiне енген күннен бастап осы баптың 2-тармағының қолданысы тоқтатылады.


Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 65-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ