Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Оңалту және банкроттық туралы

Оңалту және банкроттық туралы
67-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттіктері



Ст. 67 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ



Сот оңалту рәсімінде:

1) оңалту рәсімін қолданады, тоқтата тұрады және тоқтатады;

2) уақытша әкімшіні тағайындайды және шеттетеді;

3) оңалту жоспарын бекітеді;

4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

5) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;

6) кредиторлар жиналысы шешімінің негізінде борышкердің мүлкі мен істерін басқару құқығын борышкер мүлкінің меншік иесінде (ол уәкілеттік берген органда), құрылтайшыларда (қатысушыларда) сақтап қалады немесе уәкілетті органға оңалтуды басқарушыны тағайындауды тапсырады;

7) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.

Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...128 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 67-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ