Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Оңалту және банкроттық туралы
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы



Ст. 80 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ




1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы борышкер таратылғаннан кейiн, егер еңсерілмейтін күштiң немесе кредиторлардың не борышкердiң (борышкер мүлкiнің меншік иесiнiң) iс-әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.

Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады.

2. Дәрменсiз борышкердiң кредиторлар талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады.


Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...128 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 80-бап Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ