Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
10-бап. Прокуратура органдары қуғын-сүргiнге



Ст. 10 Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы




 Прокуратура органдары қуғын-сүргiнге ұшыраған азаматтардың не басқа адамдардың немесе мүдделi қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерi бойынша ақтауға жататын адамдарға арналған барлық iстердi осы Заң күшiне енгенге дейiн соттардың күшiн жоймаған шешiмдерiмен бiрге тексеруге мiндеттi.  

Мұндай iстердi тексеру үшiн прокуратура органдары iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк және денсаулық сақтау органдарын қатыстырады, олардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен басқа мағлұматтарды талап етедi.  

Тексеру материалдары бойынша прокуратура органдары қорытынды жазып, соның негiзiнде өтiнiш иесiне ақтау туралы анықтама бередi.  

Ақтау үшiн негiздер болмаған жағдайда прокуратура органдары ақтау туралы анықтаманы беруден бас тартқаны жөнiнде өтiнiш иесiне белгiленген мерзiмде хабарлауға және қорытындымен қоса iстi осы Заңның 13-бабына сәйкес сотқа жiберуге мiндеттi.  

Прокуратура органдарына осы тұрғысына түскен өтiнiштерге қарамастан саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау жөнiнде ұдайы жұмыс жүргiзу жүктеледi.  

Толық ақталған азаматтар туралы мағлұматтарды прокуратура органдары өтiнiш иелерiнiң талабы бойынша баспасөзге жариялау үшiн бередi. 


Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы