Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
11-бап. Iшкi iстер органдары мен ұлттық қауiпсiздiк органдары прокуратура



Ст. 11 Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы




 Iшкi iстер органдары мен ұлттық қауiпсiздiк органдары прокуратура органдарының тапсырмалары бойынша және осы Заңның 3, 4-баптарына сәйкес адамның сөзсiз ақталу құқы туралы куәландыратын деректердiң дәлелденгенiн өтiнiм иелерi мәлiмдеген жағдайларда - әкiмшiлiк немесе басқа да соттан тыс тәртiпте елден аластау, өмiр сүру немесе мекендi аудандарынан аулақтату (айдау, не жер аудару), арнайы қоныс аударып жiберу, азаматтардың бостандығын шектей отырып еңбекке ықтиярсыз тарту немесе құқықтары мен бостандықтарынан айырулары мен шектеулерi, басқалай да зиян келтiрулерi фактiлерiн анықтауға мiндеттi.

Аталған фактiлердi анықтаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары iс жөнiндегi материалдарды прокуратура органдарының атына жолдап, бұл жөнiнде өтiнiш иесiне хабарлайды.  

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған фактiлер анықталмаған жағдайда, не сөзсiз ақтау үшiн негiздер болмаған жағдайда iшкi iстер және ұлттық қауiпсiздiк органдары қаралған материалдарды мiндеттi түрде өтiнiш иесiне хабарлай отырып, белгiленген мерзiмде прокуратура органдарына жiбередi. 


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы