Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
13-бап. Прокуратура органдары



Ст. 13 Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы




 Прокуратура органдары ақтауға негiздердi анықтамаған жағдайда ақтау мәселелерi бойынша шешiмдердi қабылдайды:

- сотталған адамдарға - соңғы сот шешiмдерiн шығарған соттар қабылдайды. Таратылған соттар мен әскери трибуналдар үкiмдер, ұйғарымдар мен қаулылар шығарған iстер қолданылып жүрген заңдар бойынша осы iстер өздерiне жататын соттардың қарауына берiледi. Ақтау туралы iстердiң аумақтық сотқа жататындығы соңғы сот шешiмi шыққан жерi бойынша анықталады;  

- осы Заңның 3 және 4-баптарына сәйкес өздерiнде сөзсiз ақтау жөнiнде құжаттар болмаған жағдайда соттан тыс қуғын-сүргiндерге ұшырағандарға (психиатриялық мекемелерге күштеп жатқызылғандарды қоса алғанда) - қызмет көрсететiн аумағында соттан тыс органдар әрекет етiп, лауазымды адамдар шешiмдер қабылдаған тиiстi облыстық, Алматы қалалық соттары қабылдайды.  

Iсi сотқа жататындағы бойынша ақтау туралы iстердi беру Қазақстан Республикасы қылмыстық iстер жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi. 


Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы