Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
22-бап. Қамауға алу



Ст. 22 Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы



 Қамауға алу, бас бостандығынан айыру, психиатриялық мекемелерге жатқызу, арнайы қоныс аударуға жiберу түрiнде негiзсiз қуғын-сүргiндерге ұшыраған, сондай-ақ шектеулi бостандық жағдайларында ықтиярсыз еңбекке (соның iшiнде "еңбек армиялары", "iшкi iстер министрлiгiнiң жұмысшы колонналары" деп аталатындарда) тартылған және осы заңға сәйкес ақталған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында олармен бiрге отырған балаларға әлеуметтiк қорғау органдары тұрғылықты орындары бойынша ақтау туралы және аталған орындарда болған уақыты туралы құжаттардың негiзiнде республикалық бюджет қаржысынан олардың аталған орындарда болған әр айы үшiн әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасаған сәтiнде қолданылған Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ заңмен белгiленген 100 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен ақшалай өтем төленедi.

Өтем бiржолғы түрiнде, сондай-ақ басқа тәртiпте, ақталған адам әлеуметтiк қорғау органдарына өтiнiш жасағаннан кейiнгi алғашқы үш ай iшiнде жалпы соманың кемiнде үштен бiрi төленген жағдайда берiледi, ал қалған сомасы кемiнде екi жыл iшiнде төленедi.  

Өтемнiң есептелген сомалары айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне сәйкес индекстеледi.  

Өтем есептелiп, бiрақ оны ақталған адам қайтыс болуы себептi алмаған реттен басқа жағдайларда, мұрагерлерге төленбейдi.  

"Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен азамат шеккен зиянның орнын толтыру туралы" 1981 жылдың 18 мамырындағы КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасы Жарлығының күшi қолданылатын адамдарға өтем осы Жарлық негiзiнде төленген соманы шегеру арқылы төленедi.  

КСРО-ның бұрынғы мемлекеттерiнiң - одақтас республикаларының заңдары бойынша өтем алуға құқы бар ақталған азаматтарға өтем алу орнын таңдау құқы берiледi.  

КСРО-ның бұрынғы мемлекеттерiнде - одақтас республикаларында өтем алған адамдарға өтемдер төленбейдi немесе олардың мөлшерi қайта есептелмейдi.  

Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.22 N 169, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшiн негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшыраған адамдарға ақшалай өтем төлеудi қоспағанда, 22-баптың қолданылуы 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн тоқтатыла тұрсын - ҚР 1999.04.07 N 374, өзгерiс енгiзiлдi - 2001.01.19 N 145 Заңдарымен. 

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 22-бап Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы