Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы

Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы
12-бап. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңы



Ст. 12 Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145




1. Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және уәкілетті орган айқындайтын, онда қаржы орталығының қатысушылары қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыратын қор биржасының сауда алаңы қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып табылады.

Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған, уәкілетті орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие болған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнайы сауда алаңына қатысты қабылданатын қағидалары уәкілетті органмен келісуге жатады.

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145