Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
36-бап. Құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру



Ст. 36 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



1. Құқықтық кадастрда тіркеу соның негізінде жүргізілген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (куәландырылған көшірмесі) жоғалған немесе бүлінген жағдайларда құқық белгілейтін құжатты қалпына келтіру көрсетілген құжаттың тіркеу ісінде сақталатын көшірмесінен телнұсқа беру арқылы жүргізіледі.

Егер тіркеу ісінде электрондық құжаттың тек қағаздағы көшірмесі болса, құқық белгілеуші құжаттың телнұсқасын нотариус береді.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
5-тарау. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚҰҚЫҚ ТҮРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...61 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 36-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310