Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
39-бап. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу



Ст. 39 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



1. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін кондоминиум қатысушылары немесе олардың уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды:

1) белгіленген нысандағы жазбаша өтінішті;

2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) егер кондоминиум объектісі тіркелген кезге дейін жер учаскесіне құқық тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын;

4) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен айқындалған ортақ мүліктегі үлестердің мөлшерін;

5) кондоминиум қатысушыларының уәкілетті өкілінің жеке басын және өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кондоминиум объектісін тіркеу туралы өтінішті кондоминиум қатысушысы берген жағдайларда, оның кондоминиум объектісін тіркеуге өкілеттіктері өзіне меншік құқығында (өзге де заттай құқықта) тиесілі кейінгі жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесімен айқындалады.

2. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде кондоминиум қатысушыларының уәкілетті өкілдері болып:

1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;

2) алып тасталды - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3) егер ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актіде көзделген тәртіппен айқындалатын болса, кез келген кондоминиум қатысушысы танылады.

3. Кондоминиум қатысушылары келісімінің, ортақ мүлік мөлшері өзгеруінің негізінде кейінгі жылжымайтын мүлік объектілері аудандарының өзгеруіне байланысты ортақ мүліктегі үлестер мөлшерінің өзгеруі де тіркеуге жатады.

4. Кондоминиум объектісін тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

 Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310