Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
4-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу



Ст. 4 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) меншік құқығы;

2) шаруашылық жүргізу құқығы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;

5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.

Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.

 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310