Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
42-бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу



Ст. 42 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



1. Мемлекеттік меншік құқығын тіркеу мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығын немесе мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жер пайдалану құқығын тіркеумен бір мезгілде жүргізіледі.

2. Мемлекеттік заңды тұлғалар арасында бекітіліп берілмеген мүлікке мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді.

Мемлекеттік заңды тұлғалар арасында бөлінбеген бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерін жалға, өтеусіз пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беру туралы мәмілелер жасау кезінде және мәміле жасау осындай мүліктің жеке меншікке өтуіне әкеп соқпайтын басқа да жағдайларда құқықтық кадастрдың тіркеу парағында ауыртпалықты тіркеу туралы жазба енгізілгенге дейін бұрын туындаған мемлекеттік меншік құқығы туралы жазба енгізіледі. Бұрын туындаған мемлекеттік меншік құқығына құқық белгілейтін құжаттар болған кезде осындай құқықтың туындауы туралы мәліметтер көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі. Мұндай құжаттар болмаған кезде бұрын туындаған мемлекеттік меншік құқығы туралы жазбаны тіркеуші орган мемлекеттік меншікте осындай мүліктің барын растайтын уәкілетті мемлекеттік органның құжаты негізінде енгізеді.

3. Тіркеуші орган Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтердің сақталуына жауапты болады.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...61 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 42-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310