Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
5-бап. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу



Ст. 5 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310



Жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:

1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;

2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;

3) кепіл;

4) тыйым салу;

5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);

6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...61 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310