Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
10-бап. Тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының мiндеттерi



Ст. 10 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254



 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы:

1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;

2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгiзуге;

3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;

4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.

2. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құжаттарды қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.

2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

3. Тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкес тек нысанды белгiлерi бойынша тексередi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9-2 9-3 10 11 12 ...23 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254