Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi

Ст. 12 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi: 

1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты); 

2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi); 

3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi; 

4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер; 

5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны; 

6) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы; 

7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 

8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi. 

2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн. 

3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi.  

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 N 427; 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254