Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк



Ст. 13 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254



1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:

1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының атауы;

2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);

3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;

4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;

5) кепiл мәнi туралы мәлiметтер;

6) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы берген тiркеу нөмiрi;

7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.

2. Тiркеу туралы куәлiкке уәкiлдiк берiлген лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының мөрiмен куәландырылады.

3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын бередi.

4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда сот тәртiбiмен жарамсыз болып танылуы мүмкiн.

 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...23 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254