Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш

Ст. 9 Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді. 

2. Өтініште: 

1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы; 

2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн); 

3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны; 

4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы; 

5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 

6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi; 

7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде); 

8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер; 

9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс. 

Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс. 

Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 

3. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттары қамтылған өзге де құжат ұсынылады, өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады. 

3-1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберілген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылған өзге де құжат ұсынылмастан хабарлама нысанында беріледі. 

4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi. 

5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 9‑1 9‑2 ...23

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 254