Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 

2. Стационарлық сауда объектілері: 

сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты; 

сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты; 

сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты; 

сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты; 

сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді. 

Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 

2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді: 

1) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 

2) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция); 

3) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы; 

4) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс; 

5) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс. 

Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс. 

2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты: 

1) әмбебап; 

2) мамандандырылған болып бөлінеді. 

2-3. Әмбебап сауда базары сауда орындары әртүрлі топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады: 

астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағындағы сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады; 

облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің немесе ауылдың аумағындағы сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

10-бапты 2-4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады. 

Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді. 

2-6. Сауда базарлары: 

1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға; 

2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда: 

сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат; 

авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы; 

сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат; 

бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат; 

сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері; 

Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады. 

2-7. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар: 

1) ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін ірі сауда объектісінің, сауда базарының жұмыс режимін қамтитын жұмыс регламентін бекітеді; 

2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік береді; 

3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекітеді; 

4) сауда объектілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің (әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін) назарына жеткізеді; 

5) ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.

6) ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.

7) сауда инфрақұрылымын құрады және жаңғыртады; 

8) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының аражігін ажыратады; 

9) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырады; 

10) ЗҚАИ-ның ескертпесі!

10) тармақша алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі – ҚР 30.12.2022 № 177-VII Заңымен.

2-8. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықталуына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді; 

3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi: 

1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 

2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 

3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 

4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 

4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 

5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 

6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Көтерме сауда  

1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады. 

2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің және нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға, сақтау мен сатуға қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться