Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сауда қызметiн реттеу туралы

Сауда қызметiн реттеу туралы
14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау



Ст. 14-2 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544



1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.

3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс. 
 4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
 Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...14 14-1 14-2 15 15-1 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-2-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544